Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Кәсіби мереке – Көлік саласы қызметкерлерінің күніне орай ыстық ықыласымызды, шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Тынымсыз қозғалыс, қауіпсіздік, нақтылық пен тасымалдаудың сапасы ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дамыған көлік инфрақұрылымынсыз халықтың әл-ауқатын арттыру, өнеркәсіптік өсім сияқты мәселелерді шешу мүмкін емес.

Біздің өңір экономикасын дамытуда автокөлік саласының үлесі басым. Сенімді және қауіпсіз автокөлік қозғалысы елді мекендер өмірінің негізі болып табылады. Сондай-ақ, қалалар мен өңірлерді өзара байланыстырады. Қолжетімділік, технологиялық және коммерциялық икемділік автокөлік саласының үдемелі дамуына негіз болады. Ол қоғам өмірінің барлық саласына оң әсер етеді.
Іске адалдық, жауапкершілік сияқты қасиеттеріңіз және кәсіби шеберліктеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз! Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, ырыс-береке, елдің гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.