Ағымдағы жөндеуден өтуде

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысы өңірлерде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асырған болатын.

Бүгінгі таңда аталмыш бағдарламаға сәйкес Сәтбаев қаласында 800-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Жалпы бағдарламаны іске асыру үшін 3 миллиард теңгеден асатын 18 жоба қолға алынған. Бұл жобалардың 7-і білім беру нысандарын қамтиды. Бүгінгі таңда №19 мектеп-лицейіне де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ордасының қасбетін қайта қалпына келтіріп, су құбырларын ауыстыру үшін қазынадан 39 млн 984 мың теңге бөлінген. 10 жұмыс орны құрылып, 5-уі жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тартылған. Ал, жөндеу жұмыстарын «Инжиниринг групп» мердігер компаниясы жүзеге асыруда. Компания өкілі Азамат Шахманның айтуынша, 25 маусым мен 10 тамыз аралығында жөндеу жұмысы толығымен аяқталмақ.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.