Әкімге айтарыңыз болса…

Қазір қала әкімдігінің бастамасымен қаланың әр аудандарында балаларға арнап ойын алаңдарын салып жатыр. Біз, Абай көшесінде орналасқан №№18, 22 үйлердің тұрғындары, балаларымыздың сондай жақсылыққа қолы жетпей жүргеніне қынжыламыз. Қанша жыл осы үйлерде тұрып жатырмыз. Бұрын біздің аулаларда да ойын алаңы болған. Соңғы кездері балалар алаңын автокөлік тұрағына айналдырып алды. Оған қоса, көктем-күз айларында үйге кірудің өзі бір машақат. Жиналған судан аула алды батпақ болып жатады. Не жолаушы жүретін, не автокөлік өтетін асфальт жол жоқ.

Осы мәселелердің шешімін табуға көмектессеңіздер деген өтінішпен қала басшылығына жүгініп отырмыз.

Абай көшесі №18, 22 үйлердің тұрғындары.

Сіздердің өтініштеріңізді ескере отырып қаражаттың бөлуіне байланысты ойын алаңын орнату жұмыстары қарастырылады.

Ал, Абай көшесіне асфальт салуға 2012 жылы қалалық бюджетте қаржы қарастырылмаған. Қаржы көздері қарастырылған уақытта мүмкіндігінше көмек беретінімізді хабарлаймыз.

Комментарии закрыты.