Құрметті құрылысшылар және сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрылыс саласы қай уақытта да құрметті және абыройлы саланың бірі. Сіздер сол талапқа сай өңір аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Қарышты даму жолына түскен қаламызда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Кеншілер шаһарының сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстардағы қолтаңбаларыңыз біз үшін үлкен мәртебе.

Қаламызда құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Жаңа шағынаудандар мен көпқабатты тұрғын үйлер қатары жыл сайын ұлғая түсуде. Осының бәрі құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқандығын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетіндігін көрсетеді.

Әрине, қандай құрылыс болсын орасан зор еңбекті қажет етеді. Өңіріміздің экономикасына қосып отырған үлестеріңіз бен ел мүддесін қанағаттандыруға, әлеуметтік саланы жетілдіруге атсалысып отырғандарыңыз үлкен құрметке лайықты.

Кәсіби мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.