Абай Ораз: Оймақтай ой

Адам баласы өз-өзімен өлгенше алысып өтеді-ау. Ойы келіссе, ісі қиюласпай, әуелден өлшеп-пішілген дүниесінің өзі әбігерлеп, кейде титықтатып тастайды. Жан-жағына қарағыштап, жақын жерден ақылын айта қояр аға табылмаған соң, бастағаны баянсыз қалып жатады. Ашуға бой алдырғанның — ақылы алыста.

Кірпияздана қалғанда кісі аузына жүгінетініміз тағы бар. Мұқым елдің баласы ондайда Абайды аузына алады. Әуелгі сөзге шегінсек, қолға алған істің баяндылығы баба сөзінен басталса жарар еді.

Абай күні құтты болсын!

Комментарии закрыты.