Вебинар өтті

Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Латын графикасындағы диакритикалық таңбалар» тақырыбында вебинар өтті.

Аталмыш шараға түрлі сала қызметкерлері қатысты. Вебинардың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негіз ете отырып, әліпбиді жетілдіруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру. Латын графикасына көшудің ең басты қажеттілігі, жаңа әліпбидегі диакритикалық таңбалардың маңызы туралы ақпарат беру.

Онлайн шарада осы бөлімнің бас маманы Мадинат Игенберлина тыңдармандарды «Тіл-Қазына» орталығының Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық және ІТ-сүйемелдеу жұмыс тобының бірлескен отырысында мақұлданған жетілдірілген әліпби жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, әлемдегі латын графикасын пайдаланатын мемлекеттердің әліпбиіндегі диакритикалық таңбаларды салыстыра отырып, жаңа әліпби құрамына, мұндағы диакритикалық таңбаларға жеке жеке тоқталып өтті.

Вебинар барысында қатысушылар жаңа әліпбиге қатысты түрлі тапсырмалар орындап қана қоймай, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.