Онлайн-байқау өтті

Ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Әлем таныған Абай» атты онлайн-байқау өтті.

Ұлы Абайдың бай мұрасын насихаттау арқылы рухани құндылығымызды жаңғырту мақсатында өткен байқауға түрлі сала қызметкерлері қатысты. Онлайн-байқаудың ережесіне сай қатысушылар үш кезеңнен тұратын тапсырма орындады. Бірінші кезеңде ақын өлеңдері оқылса, екінші кезеңде өмірі мен шығармашылығына арналған 40 сұрақтан тұратын kahoot бағдарламасымен жасалған онлайн-тест сұрақтарына жауап берілді. Ал, үшінші кезеңде латын негізді әліпбимен диктант жазылды. Нәтижесінде Дана Абельдинова бас жүлдені жеңіп алса, Толқын Күзембаева бірінші, Әлия Қожан екінші орынды иеленді. Парасат Қасымбекова, Ерасыл Мағзұмов, Бейбіткүл Жанғұтова үшінші орынды өзара бөлісті.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.