Құрметке бөленді

Төрт айдан астам қажырлы еңбек етіп келе жатқан дәрігерлерге қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Қаламызда медицина қызметкерлеріне қолдау білдіруге бағытталған «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясы жалғасуда.

Жақында науқан шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының өкілдері орталық аурухана дәрігерлеріне құрмет көрсетті. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының орынбасары Назарбек Бекбатыров, Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі Зауреш Жакупова және Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Балмағамбетов қаладағы №1 орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне атбасын тіреді. Онда нұротандықтар жерлестерінің амандығы үшін күндіз-түні тынымсыз еңбек еткен дәрігерлерге азық-түлік себетін табыстап, алғыс білдірді. Тиісінше жылы көңіл мен құрметке бөленген ақ желеңді абзал жандар разылығын жеткізді.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.