Құрметті металлургтер мен байытушылар!

Сіздерді шын жүректен кəсіби мерекелеріңіз Металлургтер мен байытушылар күнімен құттықтаймыз!

Мыс – біздің өлкенің ежелгі байлығы. Ол сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында адам игілігіне қызмет етуде. Əрбір отбасына, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына молшылық əкеліп, халықтың əлауқатын арттыруда.

Металлургтер күні – бұл барлық өндіріс саласының бастауында тұрған азаматтардың еңбек мерекесі, себебі металлургтердің еңбегінсіз заманауи экономика негізі болып отырған ірі өндіріс ошақтарының жұмыс істеуін елестету мүмкін емес.

Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев металлургтердің ел экономикасын дамытудағы үлесін ерекше жоғары бағалап, бұл саланың болашақ үшін маңызының зор екендігін атап көрсетуде. Қазіргі таңда өндіріс қарқынды даму жолында. Қаламыздағы өндіріс еңбеккерлері ел Президентінің тапсырмасымен қолға алынған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жолында еңбек етуде.

Металлург жəне байытушы мамандығы – əлемдегі ең таңдаулы жəне құрметті мамандықтардың бірі. Сіздердің күнделікті толассыз еңбектеріңіз Қазақстан экономикасының дамуына өз септігін тигізуде. Бүгін біз аймағымызда металлургия өнеркəсібінің қалыптасуының бастауында тұрған азаматтарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Мерейлі мерекеде сіздерге жəне сіздердің отбасыларыңызға мықты денсаулық, береке-бірлік тілейміз. Ел мүддесін еселеу жолындағы елеулі қызметтеріңіз алға басып, табыстарға жетелей берсін!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Сəтбаев қаласының əкімі Б.Ахметов. Қалалық мəслихаттың хатшысы С.Имамбай.

Комментарии закрыты.