Шет қалмады

Ерікті студенттер дәрігерлермен бірге коронавирус індетімен күресуде. Олар COVID-19 індетіне шалдықты деп күдікке ілінген пациенттерді тәулік бойы қарасуға көмектесуде. Солардың қатарында Арнат Әбікенов бар.

Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте қаланың медицина қызметкерлеріне өз еркімен көмекке келген алғашқы азаматтардың қатарындағы Арнат – Қарағанды Медициналық Университетінің 2 – курс студенті. Ол өз мамандығына деген сүйіспеншілігін еріктілікпен алмастыруды жөн деп санапты.

– Сәтбаев қаласындағы №1 орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне ерікті интерн ретінде көмек көрсетуге келдім. Адамдар ауырып жатқанда көмек көрсетуден шет қала алмадым. Қазір науқастардың көбі емделіп, жазылып шықты. Дәрігерлермен бірге алғы шепте нәтижеге жету үшін бар күшімді салдым. Науқастар саны азайды. Алдағы уақытта да азаматтарды індеттен аман алып қалу үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Маска тағып, қолды жиі жуу керегін, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін тағы бір еске салғым келеді. Сондай-ақ, той, туған күнді атап өтуді доғарған жөн. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек. Жеке бастың гигенасын сақтау қауіпті індеттің алдын алады, – дейді ол.

Науқастармен тікелей байланыста болған Арнат қала тұрғындарын барынша сақтық шараларына ден қоюға шақырды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.