«Ұлытау» газетінде жаңа басшы

Қаламызбен қоңсылас жатқан Ұлытау ауданының айнасы – «Ұлытау» газетіне Ахат Құрмансейтов бас редактор болып келді. Басылымның жаңа басшысын ұжымға аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов таныстырып, ісіне сәттілік тіледі.

Ахат Құрмансейітов осы қасиетті Көктөбенің азаматы. Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында дүниеге келіп, еңбек жолын да осы ауданда бастаған. Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет еткен.

Ал журналистік жолы Жезқазған қаласында, «Сарыарқа» газетінде бастау алды. Қалалық газеттің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы қызметтерін атқарып өзіне мол тәжірибе жинақтады.
Екі мыңыншы жылдардың бірінші онжылдығының ортасында Ахат Құрмансейітұлы Қаражал қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, қазыналы өңірде лауазымдық қызметін де лайықты атқарды.

Жиырмасыншы жылдардың басында Ахат Құрмансейітов облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңарқа аудандары бойынша меншікті тілшісі болып жүріп облыстың бас басылымының басшылық құрамына келді. Әуелі жауапты хатшы, кейін бас редактордың орынбасары болып тағайындалды.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Комментарии закрыты.