Балалар қалай демалады?

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылының ұзақтығы мен оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдерін айқындады. Бұл министрліктің 2020 жылғы 12 тамыз күнгі «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығында көрсетілді.

2020-2021 оқу жылы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 1 сыныптар үшін 33 оқу аптасына, 2-11 (12) сыныптар үшін 34 оқу аптасына жалғасады. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады. Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері осы бұйрықта көрсетілді. 1-11 (12) сыныптар күзгі каникулда – 10 күн, қыста – 11 күн, көктемгі каникулда – 12 күн демалады. Күзгі каникул – 2020 жылғы 5-14 қараша аралығында, қысқы каникул – 2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында, көктемгі каникул – 2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында болады. Сондай-ақ, 1 сыныптар үшін 8-14 ақпан аралығында жеті күндік қосымша каникул белгіленген.

Комментарии закрыты.