Елорда күніне тарту жасады

Жас əрі бас қала – Астананың туған күнін сəтбаевтықтар да сəн-салтанатымен атап өтті. Ел мерейін үстем етіп, күн сайын дамып, өркендеген Астананың 14 жасына тарту-таралғылардың қатары биыл да толастамады. Соның бірі – Комаров көшесі бойында орналасқан «Магнит» дүкенінің ашылуы болды.

Бұл ерлі-зайыпты Умран Арсаев пен Наталья Войничтің кəсіпкерлік саладағы алғашқы қолға алып отырған жобалары. Көптен күткен істі аяқтап, дүкендерін Астана күнінде сəтбаевтықтарға қызмет көрсетуге есігін айқара ашты.

Ашылау салтанатына қатысқан қала əкімінің орынбасары Анатолий Ким кəсіпкерлердің саудасына сəттілік тілеп, атына сай арзан бағаларымен халықты өзіне тартып тұрсын деген тілегін жеткізді.

Дүкен иесі Наталья Войнич осы істі қолға алғанда қолдау көрсеткен қалалық əкімдікке алғысын білдіре келе, тұтынушылар дың талабын қанағаттандыратындай деңгейде қызмет көрсетеміз деп сендірді.

А.Ким мен Н.Войнич салтанатты түрде лента кескеннен соң, келген қала тұрғындары мен қонақтар ішке кіріп, сауда жасап жатты.

Сауда жасаған қала тұрғындарының барлығында бір тілек – қалтаның ғана емес, халықтың сапалы əрі арзан бағада өнімдерге қол жеткізуіне мүмкіндік жасаса дейді. Біз де қала тұрғындарының бұл сөзін қолдай отырып, кəсіпкерлердің ісіне сəттілік тілейміз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.