«Кел балалар, оқылық!»

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кел балалар, оқылық!» ұранымен «Жазғы рахат – ол тек кітап» акциясы өтті. Кітапхана оқырмандары мен кітапханашылар балалар алаңына шығып, жазғы демалыста жүрген балаларды кітапханаға кітап оқуға шақырды. Акцияға сонымен қатар аулада демалып отырған ата-аналар мен ата-əжелер де қатысты. Құсайынов көшесінің тұрғындары Маржан Дəуренбекова өз немересімен, Айтбай Қаратаев жəне Шамшиден Болабиев сынды зейнеткер ағаларымыз бен апаларымыз акцияға ат салысты. Наурыз көшесінде тұратын Ақтиын Есенғабылова апай да өз немересі Аманкелді Назбен қуана-қуана кітапханаға жазылды. Ақтиын апай кітапханаға келген əрбір оқырманға, еліміздің ертеңі болатын жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруға үлес қосып жатқан кітапханашыларға алғысын білдіріп, балаларға білімді де өнерлі бола берсін деген тілегін жеткізді. Л.Ашимова, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының əдіскері.

Комментарии закрыты.