1 қыркүйек – Білім күні

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа оқу жылының бірінші күні бірнеше ұрпақ өкілдерін біріктірген, дәстүрге айналған мереке. Балабақша тәрбиеленушілерінен бастап мектеп, жоғарғы оқу орындарының табалдырығын аттаған азаматтар қуанышқа бөленетін күн. Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі әр істің, әр мамандықтың негізі – білімде. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік береді. Жеңістерге жету жолында қабілетін шыңдайды. Сондықтан, біздің елімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.

Жыл сайын қаламыздың білім беру мекемелеріне көптеген жаңа бағдарламалар енгізілуде. Біздің оқушылар мен студенттер олимпиадаларда жеңістерге жетіп және әр деңгейдегі конференцияларда жоғары біліктілігін көрсетуде. Ал, олардың тәлімгерлері әрдайым өз кәсіби шеберлігінің дәрежесін арттыруда. Сәтбаев қаласы биік зияткерлік әлеуетіне бай және оны арттыратынымызға сенім мол.

Жаңа оқу жылында мектеп табылдырығын аттаған балалар күні ертең-ақ өз еңбектерінің арқасында отбастарының мәртебесін арттырады. Мемлекеттің жаңаруына, оның құдіретін күшейтуге білімі мен күш-қайратын аянбай жұмсайтын болады.

Құрметті достар!

Білім сапасын арттырудағы игі бастамаларды жүзеге асыруда шеберліктеріңіз шыңдала берсін. Жаңа жетістіктерге жетуде ұдайы ізденісте болыңыздар. Қиялы ұшқыр, өресі биік жастарымыздың қанаты талмасын. Баршаңызға табыс пен сәттілік тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.