Құрметті кенді шаһардың кеншілері!

Сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Қай кезеңде болмасын кен өндіру саласы мемлекеттің қуатын арттыруда маңызды орын алып келді. Бүгінде де еліміздің индустрия саласында қозғаушы күш болып табылады.

Бұл сала қызметі ауыр әрі құрметті. Біздің өңірде тау-кен металлургия кешені өз жұмысын бастап, шахталар ашылғаннан бері кенші мамандығын меңгеріп, ұрпақтан ұрпаққа мұра еткен әулеттер қатары көбейді. Олар бүгінгі күні де еңбек даңқын арттыруға үлкен үлес қосуда.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінде жаңа технология мен техникалық қайта жарақтандыруды белсенді енгізіп, өндірістің көлемін ұлғайтуға қабілетті жоғары кәсіби мамандар еңбек етеді. Кәсіпорындардың тиімді жұмысының нәтижесі қаламыздың ғана емес, аймағымыздың экономикалық дамуына, жерлестеріміздің өмір сүру деңгейін арттыруға үлкен үлесін қосуда. Сондықтан табысты тасқындатқан барша кеншілерге, ардагерлерге зор алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз әрдайым құрметке лайық.

Осындай қуанышқа толы күні Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілейміз. Еліміздің кемел келешегі үшін еңбекте жаңа табыстарға жете беріңіздер! Мереке құтты болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.