Қайырымдылық жасады

Карантиндік талаптарға сәйкес оқушылар білімді қашықтан алуға мәжбүр. Алайда онлайн білім алу кейбір отбасылардың қалтасына ауыр тигені де жасырын емес.

Сәтбаев қаласында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың тізімі жасалып, қайырымдылық жасалды. Әрқашан жомарттық танытып жүретін Бақбергеновтер отбасы жаңа оқу жылында 10 отбасыға интернет желісіне қажетті Wi-Fi роутерді сыйға тартты. Балалар ендігі жерде қатарластарынан қалыспай онлайн түрде білім ала алады. Бұдан бөлек, тағы бірнеше көпбалалы отбасын «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз еткен Бақбергеновтер күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік себеттерін де үлестірді. Осы әулеттің анасы Меруерт ханым қаламыздағы жеке кәсіпкерлерді жақсылық жасап жарысуға шақырды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Комментарии закрыты.