Мерекелік төсбелгімен марапатталды

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жезқазған өндірістік аймағындағы алып кеніштің бірі саналатын Оңтүстік Жезқазған кенішіне биыл – 55 жыл. Осы жылдар ішінде даңқы кешегі Кеңес кезеңінде Одаққа жеткен кеніштің мыңдаған кеншілерін, өндірістің өрісін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттап жүрген журналистер қауымының еңбегі ұшан-теңіз. Арқа журналистерінің елеулі еңбегін ескерген «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Кен-байыту кешенінің Бас директоры Амангелді Минигуловтың тапсырмасына сәйкес бір топ БАҚ өкілі «Оңтүстік Жезқазған кенішіне-55 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

Торқалы тойдың төсбелгісін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС әлеуметтік-еңбек қатынастары басқармасының Жезқазған аймағы бойынша басшысы Сабыржан Тембаев салтанатты жағдайда тапсырды. Сөз кезегінде ол кен өндірісі саласының кешегісі мен бүгінін қалың жұртшылыққа паш етіп жүрген журналистер қауымына алғыс білдірді.

Құрметке ие болғандардың қатарында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Баспасөз қызметінің менеджері Ардақ Құлжанбекова бастаған Жезқазған аймақтық «Дидар» телеарнасының, «Мысты өңір», «Подробности» басылымының, сондай-ақ, Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті мен «Ақшам» телеарнасының журналистері, бейнеоператорлары бар. Ақпарат саласы мен корпорация арасындағы тығыз байланыстың айғағындай болған марапаттың өндіріс тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистерге шабыт берері сөзсіз.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.