ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына орай облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы онлайн-форматта өтізген конференцияда облыс әкімінің орынбасары Абзал НҮКЕНОВ жастармен жүздесті. Көпшілік көкейде жүрген сауалына жауап алған келелі кездесуге жоғарғы оқу орындарының студенттері, магистранттар мен белсенді жастар қатысты.

– Ел еңсесін тіктеп, өзге мемлекетпен иық теңестірсе, ол – ең алдымен, ымыралы ынтымақ, бірлік пен бейбітшіліктің арқасы деп білемін. Бүгінгі жас буын осы қастерлі ұғымдар айналасында жиірек ойланса құба-құп болар еді. Мемлекет басшысы Жолдауында мемлекетті жан-жақты дамыту бағытында сан қырлы салалар бойынша кешенді, түбегейлі мәселелер қозғап, олардың нақты шешемдерін айтты. Мемлекеттік басқару, экономика, инфрақұрылым және тағы басқа салалар бойынша тың бастамалар көтерілгеніне куә болдыңыз-
дар, – деді Абзал Нүкенұлы.

Кездесу барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты «Жастар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Аян Сакошев Жолдаудың негізгі бағыты мен нақты іс-қимылына тоқталып, ұсыныс-пікірін білдірді. Жастар үшін облыста жоғары оқу орындары жанынан зияткерлік клубтар құрылып, IT-технология, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта жұмыс жасап келеді.

Комментарии закрыты.