Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінде Сәтбаев қаласы көркейіп, даму үстінде. Бақыттың ұясына айналған кенді өлкемізді еңбек әулеттері тұрақты мекен етуде. Әлеуметтік маңызға ие бірнеше нысан құрылысы жүруде. «Нұрлы мекен» шағын ауданының құрылысы аяқталуға жақын. 320 орындық жаңа балабақшаның, оқушылар сарайының құрылысы қарқын алуда. Шағын және орта бизнеске қатысты мақсатты жобалар жүзеге асырылуда.

Қадірлі жерлестер! Бұл игі істердің барлығы өздеріңіздің қолдауларыңызбен жүзеге асырылуда. Өлшеусіз еңбектеріңіз арқылы қаламызды көркейту үстіндесіздер.

Осы қалада туып-өсіп, қаланы салуға, қарқынды дамытуға өлшеусіз үлес қосқан соғыс және тыл ардагерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Үздіксіз қызметі, дарыны, қабілет-қарымы арқылы қаламыздың материалдық және зияткерлік әлеуетін нығайтуға атсалысқан жастар қатарының көбейіп келе жатқандығы қуантады. Олардың спорт, мәдениет саласындағы жетістіктері серпін береді.

Сіздерге зор денсаулық, барлық игі істеріңізге табыс тілейміз. 13 қыркүйекте 47 жылдығы аталынатын Кеншілер қаласы жасампаздық пен тұрақтылық мекені бола берсін.

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.