Пікірталас кезеңі басталды

Праймериз – жаңа лидерлерді анықтаудың таптырмас құралы. Жасыратыны жоқ, әзірге қарапайым халыққа праймериз беймәлім сөз. Дегенмен, бұл сөзді ағылшын тілінен қазақшаға аударғандағы баламасы алдын-ала іріктеу, сайлау дегенді білдіреді.

Бұл іріктеу жұмыстары нақты ұсыныстары бар талантты азаматтар мен өңірдің өзекті мәселелерімен таныс жаңа қоғамдық пікір иелерін бәсекелестік негізде анықтауға мүмкіндік беруде. Міне, партия қатарына қосылып, еліміздің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтар үшін бұл жаңа мүмкіндік. Праймериз кандидаттарды ұсыну және тіркеу, кандидаттарды даярлау, үгіт жұмысы, дауыс беруді өткізу, тізімдерді дайындау сияқты 5 кезең бойынша жүргізілмек. Республика бойынша 14 қыркүйектен бастап осы үміткерлер арасындағы пікірсайыс кезеңі бастау алды. Бұл шарадан праймеризге қатысушы жерлестеріміз қалыс қалмады. Дебаттың алғашқы күнінде 5 үміткер бақ сынады. Олар негізінен халықты әлеуметтік қорғау мен кәсіпкерлікті қолдау сияқты тақырыптарда өз ойын ашық түрде ортаға салды. Дебатқа қатысушыларға 40 минуттық уақыт берілді. Яғни, осы уақытта барлық қатысушы өз ойын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауаптар беруі керек. 14 қыркүйекте бастау алған пікірсайысқа «Нұр Отан» праймеризі аясында барлығы 43 үміткер қатысады. Үміткерлердің алғашқы пікірсайысы партияның Сәтбаев қалалық филиалының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетейік, қоғамдық пікірсайыс ағымдағы жылдың 14-28 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыссөз аяқталғаннан кейін, 1 қазан дауыс беру басталып, үш күнге созылады. Праймеризге үміткерлерге тек «Нұр Отан» партиясының мүшелері ғана дауыс бере алады. Дауыс беру онлайн форматта өтеді.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.