Мемлекет қойған талап

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында Медиа-жоспарға сәйкес басқарма қызметкерлерімен «Мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге қойған талабы» тақырыбында отырыс өткізілді.

Баяндамада мемлекеттік қызметшiлер өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға, оны дәйектi жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып заңдылықтарды басшылыққа алуға, мемлекеттік және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл де сапалы атқаруға, ол үшiн өзiнiң жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға тиісті деп атап өтілді. Баяндамашы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген талаптарға да тоқталып өтті. Сонымен қатар, баяндамашы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекiтілген мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексінде көрсетілген талаптарға тоқталып, осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін деп атап көрсетті.

Отырыс соңында басқарма қызметкерлерінің арасында тақырып бойынша пікір алмасу болды.

Басқарма бастығының орынбасары Р.Шертаева өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті атап көрсеткендей, әр мемлекеттік қызметші өз қызметінде өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқаруға, мемлекеттік қызметтің нәтижелілігін, беделін арттыруға, халыққа адал, сапалы қызмет көрсетуге міндетті деген пікірін білдірді.

Операциялық топтың бас қазынашысы Г.Әбдікәрімова заң талаптарын орындау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Әр мемлекеттік қызметші өз ісімен, жүріс-тұрысымен басқаға үлгі-өнеге болуы керек. Елбасының белгілеп берген міндеттерін орындау, халыққа адал қызмет көрсету – бізге жүктелген міндет. Сондықтан біз бар күш-қуатымызды аямай, халықтың мемлекеттік қызметкерге деген сенімін ақтап, қалтқысыз қызмет көрсете береміз деді.

Қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас қазынашысы О.Қалиева өз сөзінде мемлекеттік қызметші өз қызметін адал да қалтқысыз атқаруға, мемлекет пен қоғам алдында үлкен жауапкершілікпен еңбек етуге, моральдық этиканы сақтауға міндетті. Әр мемлекеттік қызметші өз жұмысында заң принциптерін ұстанады деген ойымен бөлісті.

Отырыс соңында басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің этикасы бойынша, оның ішінде қызметкердің мінез-құлқымен ұжымда орнықты болып, азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда қызмет этикасы нормаларын сақтауы, жалпы ар-намыс, адамгершілік туралы ойларын ортаға салды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.