Картамен үнемдеңіз

«КәсіпҚорған» кәсіподағы «Kаsip BONUS» карталарын қолданушыларға арналған жеңілдік акциясын жалғастыруда. 10 және одан да көп мөлшерде пайыздық жеңілдіктер жасауға дайын серіктестердің тізімі жаңартылып, Instagram парақшасында жарияланады.

«КASIP BONUS» дисконттық карталары арқылы дүкендер, салондар, шаштараздар, басқа да қызмет көрсету нысандары қызметіне жеңілдіктер беріледі. Ал, картаны «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалынан ала аласыз. Серіктестер қатарына Сәтбаев қаласындағы Сәтбаев даңғылы, 122А мекен-жайында орналасқан «Аморе + Флора» гүл салоны, «Чародейка» шаштаразы, Ұлытау көшесі, 113 үйде орналасқан AY автокөлік жуу орны, Сәтбаев даңғылы 115-те орналасқан Корей косметика орталығы, Милинчук Виктория Владимировна (Сәтбаев қ., Құнанбаев даңғылы, 14 үй, 2-үй, телефон +7 777 378 10 58) жеңілдікпен кәсіби фотосессия жасау салоны, Мәңгілік Ел көшесі, 5А мекенжайында тұрмыстық техника дүкені, «Киім үйі» дүкенінен ерлер, «Бала» дүкенінде (Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 109 б) балалар киімдері, Тәуелсіздік даңғылы, 41 мекен-жайында орналасқан «Тұран» дүкенінде сыртқы киімдерге пайыздық төмен бағалар ұсынылады.

Бұл сіз үшін тиімді! Карточкалар арқылы ақша үнемдеу үшін осы керемет мүмкіндікті пайдалануға асығыңыз. Әрине, акциялардың бұл түрі кәсіпкерлер үшін пайдалы және жаңа клиенттерді тартуға, тұрақты клиенттердің базасын құруға көмектеседі. Сіз өзіңіздің қаржылық ресурстарыңызды үнемдей аласыз.

Мейрамгүл САЯЖАН.

Комментарии закрыты.