Құрметті сәтбаевтықтар! Қадірлі аға буын өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері!

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – бәріміз үшін ерекше мереке. Онда жылулық пен мейірімділік, құрмет пен сүйіспеншілік бар. Бұл мереке – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының, уақыт байланысының нышаны.

Аға ұрпаққа деген құрмет көптеген халықтардың дәстүрінде терең тамыр жайған. Бұл мереке – шын жүректен қарт адамдарға ризашылық, ыстық ықылас пен жылы лебіз білдіру мүмкіндігі.

Бүгін біз ата-анамызға, тәлімгерлеріміз бен аға буын өкілдеріне деген шын жүректен сүйіспеншілігімізді және шексіз құрметімізді білдіреміз. Олардың шыдамдылығы, қиын кезеңдерде ақыл-кеңес бергені, қолдау көрсете білгені үшін алғыс айтамыз.

Қарттарға қамқорлық жасау әрқайсымыздың міндетіміз. Олардың өздерін жалғыз сезінбеуін, әрқашан назарымызда, қамқорлығымызда болуын қамтамасыз ету біздің қолымызда. Сіздер әрдайым құрметке лайықсыздар. Білімдеріңіз бен даналықтарыңыз, кәсіби тәжірибелеріңіз – баға жетпес асыл мұра. Осы бай қазыналарды жас ұрпаққа бере отырып, сіздер бүгінгі күнге дейін қаламыздың дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып келесіздер.

Сіздерге мызғымас денсаулық, көтеріңкі көңіл күй мен қайсарлық, жан тыныштығын, жақындарыңыздың жылуын, отбасылық бейбітшілік пен бақ-береке тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.