Кезекті отырыс өтті

Қала әкімі Батырлан Ахметовтың төрағалығымен қала әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде 11 сұрақ қаралды. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы С.Оразбаев «Көп пәтерлі тұрғын үйді тапсыру туралы» қаулысын ұсынды. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі «Қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы туралы» №10/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы жұмылдыру дайындығы ТЖ және АҚ жөніндегі бөлімнің бас инспекторы Ғ.Қасымов, әкімдіктің 2005 жылғы 19 қаңтардағы №3-22/1 мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ережесін бекіту туралы қаулысын бөлім бастығы Қ.Төлеш ұсынды. Келесі бес мәселе бойынша – жер теліміне жекеменшік құқықтарын беру, жер телімдеріне уақытша өтеулі жерді пайдалану құқығын беру, жер телімінің нысаналы мақсатының өзгеруі, сондай-ақ, жер теліміне уақытша өтеусіз жерді пайдалану құқығын беру, жер теліміне тұрақты түрде пайдалану құқығын беру туралы жер қатынастары бөлімінің бастығы Л.Қараторғаева баяндады.

Сәтбаев қаласының тұрғын-үй қорына түгендеу жүргізу туралы тұрғын-үй инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Ж.Әбенова ақпарат берсе, қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Ш.Жанасылова Сәтбаев ауылындағы №17 бастауыш мектептің Жарғысын бекіту туралы ұсынысын жеткізді.

Отырыста қаралған барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.