МАҒЗҰМОВТАР МЕРЕЙІ

«Еңбек жолы» байқауының облыстық туры мәреге жетті. Барлық қала-ауданда өткен іріктеуден кейін облыстық комиссияға түскен 54 өтінім безбенделіп, жеңімпаздар анықталды.

«Үздік еңбек әулеті» аталымында Бұқар Жырау ауданынан Мағзұмовтардың мерейі үстем болды. Педагогикалық әулеттің жалпы еңбек өтілі – 276 жыл. Әулет отағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қайролла Мағзұмов ұзақ жыл Сарытау мектебінің директоры, зайыбы Шайда Жапарова 40 жылдан астам бастауыш сынып мұғалімі болды. Бүгінде бір ұл, екі қызы және күйеубалалары жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

Сондай-ақ, теміртаулық металлург Сергей Емелин – «Өндірістің үздік жас маманы», қарсақбайлық Құланқадыр Еділбаев «Жастардың үздік тәлімгері» атанды.

Сәби СҰЛТАН.

Комментарии закрыты.