Қоғамдық кеңестің отырысы

Өткен аптада «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаевтың қатысуымен қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңестің төрағасы И.Бралин ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе – «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру барысы» туралы аталмыш бөлімнің бастығы Қ.Төлеш баяндама жасады.

Кеңестің мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, баяндамашы жемқорлық фактілері бойынша түскен өтініштерге де тоқталып өтті.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, партияның жарғысы мен бағдарламасын және қоғамдық кеңес туралы ережесін басшылыққа ала отырып, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы қалалық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес тиісті қаулы қабылдады.

Онда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жемқорлықпен күрес жөніндегі партия бағдарламасын іске асыруда іс-шара жасап, оның орындалысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды. Сондай-ақ, жемқорлықтың туындауы мен таралуына мүмкіндік жасайтын себептер мен жағдайларды анықтап, жою мақсатында мекеме қызметкерлерінің арасында құқықтық оқулар өткізу жұмыстарын жандандыру туралы ұсыныс берілді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.