Қариясы бар үйдің қазынасы бар!

1 қазан – Қарттар күніне орай Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қариясы бар үйдің қазынасы бар!» атты сұхбат жүргізілді.

Кітапханашылар қаламыздағы ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелеріміздің үйіне барып, әңгіме-дүкен құрысты.

Қиын әрі қауіпті мамандықтардың қатарында кенші кәсібі де бар. Жастардың дені машақаты көп жұмыстан жүрексінетіні де сондықтан. Десе де, бар ғұмырын кен қопарумен байланыстырып, осы саланың құрметті қызметкері атанған Тұрсын Аманжолов атамыз – кен саласында 45 жыл еңбек еткен тұлға, асқар тау әке, ардақты ата, қазіргі таңда зейнеткер. Тұрсын атамыздың отбасын Кеншілер әулеті десек артық емес. Себебі, әке ізін қуған балалары кен өндірісінде қызмет жасайды.

Ал, Бикен Әбеева – денсаулық сақтау саласына зор еңбек сіңірген жан. Осы салада 40 жыл еңбек етіп, қолынан келгенше халыққа ем жасап, өз ісіне берілген мықты маман. Қазіргі танда сол еңбегінің жемісін көрген зейнеткер.

Қариялар отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Жұпар НҰРШИНОВА,
балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

Комментарии закрыты.