ТЕМІРТАУҒА – ТАРТУ

Қаланың 75 жылдық мерейтойына орай дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы сыйға тартқан келісті ғимараттың кең залдарында бір уақытта 320 адам спортпен айналыса алады. Мұнда күрес, футбол, баскетбол, бокс залдары және көрермендерге арналған стендтер бар.

Теміртаудың мерейтойына тарту мұнымен шектелмейді. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағында ашық теннис корты ашылды. Бұл – «Имсталькон» компаниясының тартуы. Қаланың іскер әйелдер кеңесі де шаттықты мерекеден шет қалмады. Кәсіпкер ханымдар қалаға алма бағын сыйлады.

Мерейтой күні облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Елбасының үзеңгілес серіктері – Қуаныш Омашев, Нина Вахитова, Тоқтархан Ысқақов, Ермек Төлеубаев және Виктор Никоновпен кездесіп, қаланың келешегі туралы ой бөлісті.

Сәби СҰЛТАН.

Комментарии закрыты.