ҚАУІПСІЗДІК – МИНИСТРЛІК НАЗАРЫНДА

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол НҰРҒАЛИЕВ бастап келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің делегациясы қарағандылық шахтерлердің жұмыс жағдайымен танысты.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында монитор арқылы жер астындағы еңбек үдерісін бақылауға, басқаруға және оқыс жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін заманауи технология жүйесі қолданылады. Белгі беретін чип арқылы диспетчер кез-келген сәтте кенжардағы шахтермен байланыса алады. Сондай-ақ, бейнебақылау камерасы орнатылған.

– Кәсіпорынға заманауи технология енгізіп жатқаны қуантады. Бұл – өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға жасалған оң қадам. Өкінішке орай, 8 айда өндірістегі жарақаттану көрсеткіші өсіп отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған қатты алаңдаулы. Біз жұмыс сапарында қауіпсіздік техникасына, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау мәселесіне назар аударамыз,– деп, атап өтті Ербол Нұрғалиев.

Делегация мүшелері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаментінде, Сарандағы «Казцентрэлектропровод» кәсіпорнында, Қарағанды құю-машина жасау зауытында болды.

Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өндірістік жарақат көрсеткішін төмендетуге арналған кеңес өтті.

Комментарии закрыты.