Өз құндылығын жоғалтпайды

Абайдың асыл сөздері – қанша ғасыр өтсе де, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтеп, шөліркесе сусын болары анық. Өйткені, дана ойшылдың мұрасы рухани бірлікке, өнер-білімге, ғылымға шақыратын, жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін сөздер. Осы ойымызды Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» мақаласы нақтылап тұрғандай.

Елбасының мақаласын шын көңілмен оқып шықтым. Қазақ халқы «Аманат» деген ұғымға өте терең мән берген ғой. Елбасы өз мақаласында ұлы ақын, дана ойшыл Абайдың мәңгілік нақыл сөздерін, өшпес қағидасын аманат ретінде бүгінгі ұрпаққа жеткізе отырып, Абай шығармаларының қазақ қоғамының қалыптасуына, халқымыздың татулығына, мейірбандығы мен ұлтаралық бауыр­ластығына өнеге болатындығын анық көрсетеді. Тәуелсіз жас мемлекеттің негізін қалап, оның тұғыры биік, бірлігі бекем болуы жолында тұңғыш Президентіміз татулық пен бірлікті өмірлік ұстанымы ретінде көрсете білді. Мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы тарихтың «соқтықпалы, соқпақсыз» күрт айнымалы сәтінде хәкім Абайдың өсиетіне жүгініп, елдің болашағына жаңаша көзқараспен қарағанын сөз етеді. Абай өз заманында «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп толғанды. Оның кез келген өлеңдерінде елге деген ерекше махаббат жатыр. Хәкімнің артынан қалған асыл мұрасы бүгінгі жастардың бойтұмарына айналуы тиіс. Абай – ұлттық идеологияға идеал болатын тұлға.

Абай ОРАЗ,
қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Комментарии закрыты.