Дін мен дәстүр байланысы

Рухани келісім күнін атап өтудің маңыздылығын жан-жақты насихаттау негізінде Дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы 8-18 қазан аралығында апталық ұйымдастырып, осы апталық аясында «COWORKING» орталығында «Зайырлы қоғам – дін мен дәстүрдің байланысы» тақырыбында конференция өткізді.

Конференция барысында колледж студенттері тақырыптық баяндамалар жасап, аталмыш мерекенің бүгінгі таңдағы маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жарыссөзде белсендік танытса, колледж ұстаздары мен конференция қонақтары ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Конференция соңында белсенділіктері үшін барлық қатысушылар орталық тарапынан арнайы сертификатқа ие болды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.