Бірлік пен тұрақтылық кепілі

Елімізде 18 қазанда Рухани келісім күні аталып өтті. Татулық пен тұрақтылықты ту еткен атаулы күнге орай қаламызда түрлі шаралар қолға алынды.

Достық үйінде өткен «Рухани келісім күні – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстелді «Дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» ұйымдастырды. Түрлі ұлт өкілдерін біріктірген шарада қала әкімінің орынбасары Дәуір Жүнісбеков тәуелсіздік жылдарында қол жеткізіп, табан тіреген аса маңызды жетістіктеріміздің бірі бейбітшілік пен келісім екендігіне ерекше тоқталды. Қала мешіттерінің имамдары, шіркеу иерейі, сондай-ақ, түрлі діни бірлестік өкілдері ұлттар достығының маңыздылығын тереңірек ашып, еліміздегі рухани келісімді одан ары нығайту жолдарын талқылады. Өз кезегінде дөңгелек үстел қатысушылары бейбітшілік бар жерде береке жүретінін, жақсылық, ізгілік, мейірімділік сынды ізгі қасиеттерді ұлықтауымыз қажеттігін, жастардың діни сауаттылығына назар аудару керектігін де атап өтуді ұмытпады. Дөңгелек үстел тек сөз өрбітумен шектелмеді, келген қонақтарға концерттік бағдарлама да ұсынылды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Комментарии закрыты.