Абайлаңыз, жаяу жүргінші!

Әрбір сегізінші жол апаты жаяу жүргіншілердің кінәсінен болады екен. Таяуда қаламызда «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты жаяу жүргіншілермен орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмауға ықпал ету, жолда жүру ережелерін түсіндіру және қағып кету деректерінің алдын алу, азайту болып табылады.

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздікті арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу негізінде осы шараны өткізіп жатырмыз. Осыған байланысты, автокөлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерге жол беруге, ал, тұрғындарға жолдың кез келген жерінен емес, арнайы белгіленген жерінен өтуге кеңес береміз. Жол тәртібін сақтаңыздар, – деді қалалық ПБ патрульдік полиция взводының командирі Қайрат Смағұлов.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын жолда абай болуға шақырады. Осы акция аясында бір күнде тәртіп бұзған 20 тұлға анықталды. Екеуі көлікті масаң күйде жүргізгендер, қалғаны жол жүру ережесін бұзғандар. Ал, жалпы екі күнде тәртіп бұзған 96 тұлға анықталды. Тәртіпке бағынбағандар ӘкҚБК 615 бабына сәйкес 2 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.