ӘЛИМА ТАҒЫ АЛДА!

Рухани келісім күніне орай «Дарын» мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткен эссе байқауы қортындыланды. Облыстық дін істері басқармасы ұйтқы болған додаға 60-тан астам оқушысы қатысты.

Үміткерлер «Менің елім – бейбітшілік пен келісім елі» деген тақырыпта үш тілде шығарма ұсынды. Қазылар алқасы әр бағыт бойынша жеңімпазды жеке-жеке анықтады. Бұған дейін түрлі облыстық, қалалық олимпиада мен байқауға қатысып, жүлде салған, бұл жолы туындысын қазақ тілінде жазып тағы топ жарған «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Әлима Қанат: «Бұл – мен үшін ең бағалы жүлденің бірі» дейді.

– Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізу үшін небір қиыншылықты бастан өткерді. Бабалар тарту еткен жерді, тәуелсіздікті келешек ұрпақ көзінің қарашығындай сақтап, қадірін біліп өссе нұр үстіне нұр. Байқаудың да мақсаты сол еді. Жас ұрпақтың бүгінгі аяқ алысын көріп, қуанып отыр­мын. Осының бәрі – ұстаздардың арқасы, – деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Дулат Халел.

Сәби СҰЛТАН.

Комментарии закрыты.