Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрылыс индустриясында еңбек етіп жүрген жо-балаушылар, жаңа технологияларды игерген құры-лысшылар, бір сөзбен айтқанда құрылыс ісін өмірінің мəніне айналдырған майталмандар күннен күнге еліміздің жаңа заманауи келбетін жасауға сүбелі үлес қосуда. Жер бетінде соңынан ізгі де бейбіт із қалдыру – абыройлы міндеті нақ осы құры-лысшылардың еншісіне берілген.

Құрметті құрылысшылар!

Сіздердің еңбектеріңіз тек бүгінгі күннің ғана емес, болашақ игілігіне бағытталған. Елбасының би-ылғы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақ-стан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан хал-қына арналған Жолдауында айтқандай, – «Біз бүкіл Қазақстанды үлкен бір құрылыс алаңына айналды-рып, көптеген жұмыс орындарын ашудамыз. Тұрғын үй, ірі кəсіпорындар құрылысы жанынан құрылыс индустриясы, металлургия, өңдеуші өнеркəсіп дамитын болады».

Сонымен қатар біз тұрғын үй құрылысы бойын-ша жаңа «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарлама-сының іске асырылуы отандық құрылыс саласына жаңа мүмкіндіктер ашып, жас қазақстандық отба-сыларды лайықты баспанамен қамтамасыз ететі-ніне сенімдіміз жəне елімізде қоныс тойларының көбее беруіне тілектеспіз. Осы мереке күні сіздерге, құрметті құрылыс-шылар, жасампаз еңбектеріңіз үшін зор ризашы-лығымызды білдіре отырып, өздеріңізге жəне жа-қындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, береке-бірлік жəне жаңа табыстар тілейміз! Қазақстан картасындағы құрылыс алаңдарының саны арта берсін! Құрметпен, Сəтбаев қаласының əкімі Ахметов Б.Д. Қалалық мəслихат хатшысы Имамбай С.С.

Комментарии закрыты.