«SAQBOL» САҚТАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақытылы оқшаулау мақсатында «Saqbol» мобильді қосымшасын ұсынды.

Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 сырқаттанған азаматқа соңғы 14 тәулік бойы екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде қосымшаның басқа пайдаланушыларымен байланысы туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді. Басқа құрылғылармен өзара іс-қимыл жазбаларын сақтау үлгісі шифрланған болады. «Saqbol» қосымшасын қолдануға, біріншіден смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, қосымша азаматтарды жұқтыру қаупі бар туралы уақтылы хабардар етуге және инфекцияның таралуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

«Барлық қазақстандықтарды осы қосымшаны белсенді түрде пайдалануға, мұқият және жауапты болуға шақырамын. Осылайша, індет ошақтарын барынша оқшаулап, Covid-19-дың таралуына жол бермейміз. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз және барлық жеке деректер қосымшада барынша шифрланған етіп жасадық. Бұл қосымша пайдаланушылардың басым түрде жасырын болуын қамтамасыз етеді», — деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Ғаламтор желісінен.

Комментарии закрыты.