Бізбен бірге болыңыз!

Газет қашан да оқырманымен ғұмырлы. Оқырманы жоқ басылым – қанаты жоқ құспен тең. Сондықтан, әр пікір құнды. Біз де сұранысты қанағаттандыру үшін жұмыс істеп келеміз. Таяуда поштамызға бір оқырманнан хат келіп түсті. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

– Құрметті басылым! Отыз жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын. Әлбетте, бүгінгі техника заманында ақпарат жылдамдығына ілесу мүмкін емес екенін білеміз. Бүгінгі жазғаның ертең-ақ ескіреді. Басылымның болашағына алаңдаушылықпен қараймын. Десе де, өзім тұрақты оқырман болғандықтан, үнемі жазылып тұрамын. Танымды мақаланы қолға алып оқымайынша, көкейге қонбайды. Сондықтан, басылымның болғанын біркісідей қалаймын. Қалада болып жатқан оқиғалар мен танымдық-сараптамалық сипаттағы мақалалардың бірін қалдырмай оқимын. Әсіресе әлеуметтік тақырыптағы сұхбаттарға көбірек мән беремін. Өңір тарихы ерекше қызықтырады. Туған жердің тылсымға толы тарихынан сыр шертетін қызықты мақалалар көбейсе деген тілек бар.

Құралай МЕҢДІБАЕВА, зейнеткер.

Комментарии закрыты.