Көңілге көрік сыйлады

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының инстаграм желісі бойынша «Алтын оймақ» үйірме жетекшісінің ұйымдастыруымен «Күзгі кереметтер» атты байқау өтті.

Күз мезгілінің керемет бояуы мен ерекше сұлулығы адам жанын шаттандырумен қатар, шығармашылықты оятады. Алуан түсті бояуға, сырлы әуенге толы мезгілдің жауыны да, тамылжыған ауасы да керемет. Осындай тамаша жыл мезгілінен шабыттанған кітапхана оқырмандары «Күзгі кереметтер» байқауына белсене қатысты. Балалардың қиялынан туындап, өз қолдарымен жасаған бұйымдар көңілге көрік сыйлағандай болды. Оқырмандардың жұмыстары тартымдылығымен көзді қуантты. Олар бұйымдарды бүршіктерден, жапырақтардан, ағаштың бұтақтарынан, жеміс-жидектерден тағы да басқа көптеген табиғи материалдардан жасады. № 1 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушылары Аружан Аяпова, Кәусар Бауыржан, Кәусар Телғара, 2 «А» сынып оқушысы Бауыржан Зайнаб, 1 «В» сынып оқушысы Медина Оразбай, №33 «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушісі РаянаТөлеубайдың жұмыстары ерекше көзге түсті. Сонымен қатар, Абай атындағы № 4 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Ислам Төлеубай, № 16 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Үміт Балтабек, Айзере Шаяхмет, Аружан Шаяхмет, «Нұрбөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі Сана Мұстафа, №7 «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушісі Нұрислам Серік, №33 «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушісі Азиза Бауыржан да белсенді қатысушылар қатарынан орын алды. Жүлдегерлер сый-сияпатқа ие болып, Алғыс хатпен марапатталды.

К.АЙМАҒАМБЕТОВА,
кітапхананың сектор меңгерушісі.

Комментарии закрыты.