«Р.Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын»

Осындай тақырыппен драматургия, проза саласында сыншы, әдебиетші арасында «Рахымжан Отарбаевтың Руханият қоры» ұйымдастырған байқау мәреге жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Жүлдегерлер арасында қарағандылық Алмаз МЫРЗАХМЕТТІҢ мақаласы ең үздік деп танылды.

Байқауға Атырау облысының әкімдігі қолдау көрсетті. Жазушының жары, соңында қалған шығармаларының шырақшысы Сәуле Отарбаева көп еңбек сіңірді. Қазылар алқасы Р.Отарбаевтың шығармашылығын арқау еткен отыздан астам еңбекті саралап, екі жанр бойынша жеңімпазды анықтады.

Алмаз Мырзахметтің «Рахымжан Отарбаевтың «Бас» романындағы архетиптік желілер» деген мақаласы ең үздік атанды. Автор жазушы романын талдау үстінде өте көп ізденген. Тақырыбын жан-жақты, егжей-тегжейлі зерттеп, романның құрылымдық ерекшелігін кәсіби тұрғыда шебер саралаған.

Сәби СҰЛТАН.

Комментарии закрыты.