ДҮЛДҮЛДЕР ОЗДЫ ДОДАДА

Қасым мүшәйрасы

Бұдан бес жыл бұрын облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Дүниеге келер әлі талай Қасым…» атты жыр додасы 2018 жылы республикалық мәртебе иеленді. Сол жылы – 70, 2019 жылы – 42 ақын бақ сынаса, биыл 97 үміткер қатысты. Дәстүрлі республикалық мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау салтанаты биыл онлайн түрде өтті.

Ақын мұрасын насихаттау, жастардың шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында өткен шарада белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлы бастаған қазылар алқасы жеңімпаздар өлеңін онлайн тыңдап, жүлде табыстады. Сырбай Мәуленов атындағы арнайы жүлдені – оралдық Нұртілеу Қадырқұлов, Ғафу Қайырбеков атындағы жүлдені нұр-сұлтандық Біржан Ахмер иеленді. Жұмекен Нәжімеденов атындағы жүлдеге семейлік Азамат Серіков лайық деп танылса, Кеңшілік Мырзабеков атындағы жүлде қарағандылық Жұлдыз Молдағалиеваға, ал Дәуітәлі Стамбеков атындағы жүлде алматылық Аслан Тілегенге бұйырды.

III орынды қызылордалық Дина Бөкебай, алматылық Асыл Сұлтанғазы, жамбылдық Ғайникен Райымбекова, нұрсұлтандық Ұмтыл Зарыққан өзара бөлісті. II орын жүлдесін нұр-сұлтандық Айдын Байыс пен Жадыра Байбұланова қанжығасына байлады, I орынды қарағандылық Жанат Жаңқашұлы жеңіп алды. Бас жүлдеге «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, ақын Батырхан Сәрсенхан ие болды.

Комментарии закрыты.