Бір күніңді ойлама…

Елбасының «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» биылғы Жолдаудың орындалуын қарқындататыны баршамызға мəлім. Еңбекпен ел көгереді, көркейеді, еңбек тұрақтылық пен берекеге əкеледі. Сол үшін біраз істер тындырылып та жатыр.

Біздің қаламыздың өзінде «Еңбекпен қамту-2020» бағдар-ламасы бойынша мамандығын шыңдап, жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасып, жаңа пəтерге кіріп жатқан тұрғындар жеткілікті. Бірақ, тұтынушылық идеологиясы əлі де жанданып тұр. Үкіметке қарап алақанын созып, өзі еңбек етуге жоқ аза-маттар, болашақтағы зейнетақы-сын ойламай бір күндік табысын ғана ойлап жүргендер қаншама?!

Жастарымызға мамандық алғанда дұрыс бағыт берілмей, қаншама азаматтар өз маман-дығы бойынша жұмыс таба ал-май сенделіп жүр. Осыған орай Президентіміздің еңбек нары-ғын дамытудың 5 жылдық бол-жауларын талдауды тапсыруы көңілге жақты.

Тапсырмаларда қай салада не атқару тиіс екендігі талдап берілген. Осы тапсырмалар на-қты орындалуына əрбір Қазақ-стан азаматы күш салуы керек. Болашақтың тағдырын бүгіннен бастап ойлайық, ағайын.

А.Төлендина, «Нұр Отан» ХДП Сəтбаев қалалық филиалы төрағасының орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі.

Комментарии закрыты.