Жасөспірімдер тәрбиесі басты назарда

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде ZOOM қосымшасы арқылы онлайн жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында «Жыныстық қатынас немесе өзге де әрекеттер жасау кезіндегі жауапкершілік» тақырыбында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Г.Жунусова баяндама жасады. Спирттік ішімдіктерді, есірткі тұтыну, отбасындағы құқықты бұзу нәтижесінде жасөспірімдер жасаған қылмыс туралы түсінік берді. Сонымен қатар, тазалық және зиянды әдеттер жайында «Лекерова» ЖШС акушер-гинекологы Л.Корғанбекова дәріс оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
«Нашақорлық және психотропты заттардың зияны», «Жасөспірімдердің қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауы» тақырыбында дәрігер Д.Пардабеков, мектеп инспекторы, полиция майоры С.Тастағанов әңгіме жүргізді. Оқушылар түрлі сұрақтар қойып, толық жауап алды.

Т.ПРИМОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.