КЕҢ КӨЗҚАРАСТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: ғылыми-білім беру, қоғамдық-маңызды және әлеуметтік миссияны дамытудағы ҚХА кафедралары» атты ҚХА кафедралары қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті.

Онда ҚХА кафедралары қауымдастығының есепті кезеңдегі қызметі, білім беру саласындағы даму бағыттары, ғылыми әлеуеті және қолданбалы жобаларды іске асыру мәселесі, ҚХА кафедрасының этномәдени бірлестіктермен өзара байланысы, жастарды топтастырудағы рөлі талқыланды. Түрлі мазмұндағы баяндама оқылды. Атқарылған жұмыс нәтижесі мен алға қойылған жоспар ортаға салынды.

Жиын соңында бірқатар тапсырма беріліп, елде өмір сүріп жатқан түрлі этнос арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ұсыныстар жасалды.

Сәби СҰЛТАН.

Комментарии закрыты.