Əкім есебі тыңдалды

Өткен аптадағы Сəтбаев қалалық мəслихатының VІІ сессиясын оның төрағасы Иманбай Бралин ашып, жүргізді. Күн тəртібінде бір мəселе – «Сəтбаев қаласы əкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі» қаралды.

Сессияның жұмысына қалалық мəсли-хаттың депутаттары, əкім орынбасарлары жəне мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында Сəтбаев қаласының əлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі əкім есебіне қатысты өз пікірлерін депутаттар Ж.Күнеділов пен С.Орал білдірді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жəне «Əкімдердің мəслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығының негізінде қалалық мəслихат Сəтбаев қаласының əкімі Б.Ахметовтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі назарға алынсын деп шешім етті.

М.ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.