Онлайн кездесулер жалғаса бермек

Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде дін сұрақтары бойынша кеңес беру орталығының теологы Р.Талипбекова, полиция майоры Г.Жунусова, «Аяулым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Абдуалиева, ювеналдық полиция тобының инспекторы М.Курманай, мектеп медбикесі Ж.Мурзатова сынды мамандармен коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында ZOOM платформасы арқылы кездесу ұйымдастырылды.

Жиналысқа 8-11 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысып, мамандарға сұрақ қойып, белсене атсалысты. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қараша айының 9-24 аралығында мектеп директоры Г.Жаппасова, педагог-психолог Д.Қарабекованың қатысуымен ZOOM платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар қашықтықтан оқыту кезінде осындай тақырыптағы онлайн жиналыстар жиі ұйымдастырылып тұру жөнінде ұсыныс білдірді.

Т.ПРИМОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.