Құрметті сәтбаевтықтар!Құрметті жерлестер!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дәл осы күні – 1991 жылы 1 желтоқсанда алғашқы ұлттық сайлауда тұңғыш Президент сайланды. Бұл бүкіл көпұлтты Қазақстанның мерекесі, жас тәуелсіз мемлекет тарихындағы айтулы күн, ұлттық бірлік күні.

Қазіргі кезде Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзгерістерге қол жеткізген, қалыптасқан этносаралық келісімі бар мемлекетке айналды. Экономикасы, ғылымы мен мәдениеті қарқынды дамып келеді.

Осы күннің күнтізбеде пайда болуы кездейсоқ емес: бұл мемлекет пен халық тарихындағы елеулі оң өзгерістердің айғағы. Еліміздегі жетістіктердің барлығы тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұңғыш Президентімізбен тығыз байланысты.

Мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық және сүйікті қаламыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз.

Отанымыз – Қазақстан Республикасы өсіп-өркендей берсін! Барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.