ҰЛТ ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕН

Таяуда Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында тұсауы кесілген «Dástúr» клубының алғашқы қонағы жұртшылықты өнерімен тәнті етіп, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап жүрген ШӘРІПОВТЕР отбасы болды.

Өнерді кие тұтып, дәстүрді ұлықтап, салтты сақтауда талмай еңбектеніп келе жатқан отағасы Ержігіт – Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің, Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің белді мүшесі, Құрманғазы атындағы байқаудың лауреаты, қобызшы. Ал, зайыбы Ақмарал – қазақтың ою-өрнегін дәріптеп, ұлттық нақышта сәндік киім тігіп, насихаттап жүрген модельер-дизайнер.

Балалары да өнерді өнеге тұтқан. Мағжан – Қазақ өнер университетінің студенті, күйші, домбырашы. Домбыраның киелі үнімен қазақ даласын күйге бөлеп жүрген талантты өрен. Бидәулет – облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының ұрмалы аспап мамандығының 10-сынып оқушысы. Оның да бұл салада біраз жетістігі бар.

Сәби СҰЛТАН.

Комментарии закрыты.