МАҚСАТ – ӨНІМ ЭКСПОРТТАУ

Таяуда Қарағанды құю-машина жасау зауытында (KLMZ) «Атамекен» ҰКП аймақтық кеңесі жанындағы Машина жасау комитетінің отырысы өтті. Онда әлемдік машина жасау нарығының жай-күйі, елде машина жасауды дамыту бағытындағы KLMZ ұсыныстары талқыланды.

KLMZ – елдегі ең ауқымды әртүрлі станок паркі бар, заманауи озық технологияны игерген, толық модельдеу мен компьютерленген конструкторлық-технологиялық үлгідегі импорт алмастыратын қуатты машина жасау кәсіпорны. SIEMENS NX, Teamcenter бағдарламалық өнімдері базасында өндірісті конструкторлық және технологиялық дайындаудың бірегей жүйесін, zollerd өлшеу машинасын пайдаланады.

Мұнда металдың барлық түрі өңделеді, түрлі жабдық пен қосалқы бөлшек шығарады. Сонымен қатар, металл кесетін станок, дәнекерлеу роботы, пресс, газбен кесу және ию арқылы жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізеді. KLMZ ішкі нарықты игеріп қана қоймай, өз өнімін экспорттай бастады.

– Комитет – біз үшін тамаша диалог алаңы. Әлемдегі дағдарысқа қарамастан, біздің облыстың машина жасаушылары өз өнімінің көлемін ұлғайтты. Бұл импорттық өнімді алмастыру, өндірістің жаңа номенклатурасын игеру арқасында мүмкін болды, – дейді KLMZ басшысы төрағасы Жәнібек Байғабелов.

Комментарии закрыты.