Тұрақты комиссияның отырысы

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың еңбек əлеуеті мен Қазақстанның алдағы дамуының бағыт-бағдарын айқын көрсеткен «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын қалалық мəслихат депутаттары тұрақты комиссия отырысында талқылады.

Отырысты ашып, жүргізген мəслихат хатшысы Серік Имамбай еңбек əлеуетін арттыруды көздеген мақала жайында ой-пікірін ортаға салды.

– Елбасы мақаласында елеміздің алдында тұрған жаңа мүмкіндіктер туралы айта отырып, еліміз үшін əлеуметтік мəселелердің шешілу жолдарын көрсетіп берді. Дағдарыстың екінші дүмпуіне төтеп беру үшін барша қазақстандықтардың еңбек етуі керектігін баса айтты. Сондықтан да Елбасының бұл мақаласын қолдаймыз, – деді Серік Сағынатұлы.

Елдегі салаларды жаңғыртуды көздеп отырған бұл мақала төңірегінде депутаттар өз ойларын ортаға салып, қызу қолдайтындықтарын жеткізді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.